Президент: Amanat әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді

26 Сәуір 2022, 15:36
1248
Бөлісу:
Президент: Amanat әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Біз жыл басынан бері осымен 3-рет бас қосып отырмыз. Қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталды. Amanat осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысуда. Қолға алынған реформаларға партия жан-жақты қолдау көрсетуде. Сонымен бірге «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға үлес қосуда, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

 Президент Amanat әлеуметтік әділдікті орнатуға әрдайым баса мән береді деп отыр. 

Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев съезд отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы