Президент әлемдегі ең ірі Goldman Sachs банкінің басшысымен кездесті

19 Қыркүйек 2022, 19:24
1242
Бөлісу:
Президент әлемдегі ең ірі Goldman Sachs банкінің басшысымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсоннан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Қазіргі уақытта бұл банк «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасу болды.

Өзгелердің жаңалығы