Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысына барды

2 Желтоқсан 2022, 16:19
872
Бөлісу:
Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысына барды

Бүгінгі жұмыс сапары аясында Мұрат Нұртілеу Ақтау қаласына да барып, Маңғыстау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Жиында Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Дәулетжан Хасанов пен Нұрлан Ноғаевтың кандидатураларын ұсынған Президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру кезінде мәслихаттардың 23 депутаты Дәулетжан Хасановқа, ал 93 депутаты Нұрлан Ноғаевқа дауыс берді.

Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысына барды


 
Дауыс беру нәтижесі бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Президент Әкімшілігінің Басшысы облыс әкімі болып қайта тағайындалған Нұрлан Ноғаев жауапты жұмыстарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі маман екенін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысына барды



Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысының Маңғыстауға жұмыс сапары кезінде нақты міндеттерді айқындап бергенін еске салды. Олардың арасында өңірдің инфрақұрылымдық ахуалын, көлік-логистика салаларының әлеуетін жақсарту және аймақ тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер бар.
 
Президент Әкімшілігінің Басшысы биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан облыс азаматтарына Мемлекет басшысының алғысын жеткізді. Сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасында және ұлықтау рәсімінде айқындалған міндеттерді сапалы іске асыру маңызды екенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы