ҚР Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Азаматұлы Мағзұмов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.