Премьер-министр тұрғындар қандай мәселеге наразы екенін айтты

Бөлісу:
Премьер-министр тұрғындар қандай мәселеге наразы екенін айтты
Фото: Үкімет

Премьер-минитср Олжас Бектенов тұрғындар жолдардың сапасына наразы екенін айтып, жергілікті жолдарға да баса мән беруді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр сондай-ақ көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар енгізуді тапсырды.

Жергілікті жолдарға да баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өткен жылы азаматтардан жолдар мен көшелер мәселесіне қатысты ресми түрде 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен.

Өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет, - деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы