Премьер-министр: Медқызметкерлердің жалақысы 20-30%-ға көтеріледі

8 Ақпан 2022, 11:38
821
Бөлісу:
Премьер-министр: Медқызметкерлердің жалақысы 20-30%-ға көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында  оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып,  жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Премьер-министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласында  алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы  жақсартылады.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында  оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып,  жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Студенттердің стипендиялары 20%-ға,  магистранттар, докторанттар мен резиденттердің стипендиялары  15%-ға көбейеді, - деді Смайылов.

Сонымен қатар айтуынша, ауылдық жерлерде  кемінде 80 денсаулық сақтау объектілерін салу көзделіп отыр  және ауыл тұрғындарына  сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін  жұмыстар жалғасады.

4 инсульт орталығы, 1 коронарлық араласу орталығы және 10 балаларды оңалтуға арналған орталық  ашылады, - деп толықтырды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін Үкімет басшысы студенттерге  жатақханалардан жаңадан 10 мың орын берілетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы