Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Премьер-министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жақсартылады.
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Студенттердің стипендиялары 20%-ға, магистранттар, докторанттар мен резиденттердің стипендиялары 15%-ға көбейеді, - деді Смайылов.
Сонымен қатар айтуынша, ауылдық жерлерде кемінде 80 денсаулық сақтау объектілерін салу көзделіп отыр және ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жұмыстар жалғасады.
4 инсульт орталығы, 1 коронарлық араласу орталығы және 10 балаларды оңалтуға арналған орталық ашылады, - деп толықтырды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұған дейін Үкімет басшысы студенттерге жатақханалардан жаңадан 10 мың орын берілетінін айтқан болатын.