Праймериз: Ақмола облысында партия мүшесінің 80%-ы дауыс берді

3 Қазан 2020, 11:05
1736
Бөлісу:
Праймериз: Ақмола облысында партия мүшесінің 80%-ы дауыс берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Nur Otan партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр. 

Праймериз: Ақмола облысында партия мүшесінің 80%-ы дауыс берді

Бүгін таңғы 8.00-ден бастап өңірдің 17 ауданында және 2 қаласында 248 арнайы дауыс беру орны жұмысын бастады. 

Праймериз: Ақмола облысында партия мүшесінің 80%-ы дауыс берді

Бұл орындардың 239-інде онлайн режимде, ал 9 орында қағаз бюллетень арқылы дауыс беріледі. Онлайн дауыс берілген 2 күннің ішінде Ақмола облысы бойынша жалпы 37 073 партия мүшесінің 80%-ы (3 қазан, 9.00-дегі мәлімет) өз таңдауларын жасап үлгерді. Қазіргі таңда арнайы әзірленген 209 орында дауыс беру жалғасуда.

Праймериз: Ақмола облысында партия мүшесінің 80%-ы дауыс берді

Облыс жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар.

Праймериз: Ақмола облысында партия мүшесінің 80%-ы дауыс берді

Айта кетейік, онлайн дауыс беру орындары 822-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы