Прагада «Қазақстан халқының мәдениет күндері» фестивалі ашылды

14 Қыркүйек 2021, 23:39
1248
Бөлісу:
Прагада «Қазақстан халқының мәдениет күндері» фестивалі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйекте Прагада ҚР Елшілігі мен «Елім-Ай» қазақстандық мәдени орталығының қолдауымен Чех Республикасындағы Қазақстан халқының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы ҚР Чех Республикасындағы Елшілігі хабарлайды.

Қазақстандық дипломаттар қонақтарға екі елдің қазақ-чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстанның мәдениет күндері, Қазақстан мен Чех арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосады, мұндай шаралар біздің уақытта маңызды. Қазақстан - менің екінші отаным, бұл таңғажайып және әдемі елге бірнеше рет бардым. Қазақстан мәдениеті көп қырлы және бірегей, ал халықтың тарихы жарқын және терең, –  деді Чех Республикасының парламенті төрағасының бірінші орынбасары Войтех Филип. 

Чехиялық көрермендер әр түрлі музыкалық және өнер ұжымдарының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестиваль аясында «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмесі, «Менің Отаным - Қазақстан» балалар суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды, сонымен қатар қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған деректі фильмдер көрсетілді.

Ашылу салтанаты бағдарламасының концерттік бөлігінде Орта Азия халық фольклорлық топтары өнер көрсетті, қазақ күйлерінің орындаушылары, Прагада оқып жатқан қазақ студенттері белгілі қазақ шығармаларын орындады. 

Фестиваль екі аптаға созылады, оның аясында қазақтың белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, ақын-жазушылар, мемлекет қайраткерлері: Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шоқан Уәлихановқа, «Алаш» қоғамдық-саяси қозғалысының жетекшісі Ахмет Байтұрсынов арналған деректі фильмдер көрсетіледі, және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрмелер. 

Фестиваль соңында, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде қонақтарға Чех Республикасының Теледидармен бірлесіп түсірілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған деректі фильм ұсынылады. Фестиваль 2021 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы