Пойыздар екі сағаттан 27 сағатқа дейін кешігіп жатыр

17 Желтоқсан 2023, 13:20
1657
Бөлісу:
Пойыздар екі сағаттан 27 сағатқа дейін кешігіп жатыр
Фото: Артём Чурсинов Архив BAQ.KZ

Пойыздар екі сағаттан 27 сағатқа дейін кешіктірілуде, кейбір рейстерді мүлдем алып тастауға тура келді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" компаниясына сілтеме жасап.

Барлығы – 23 пойыз.

Кешіктіріліп жатқан пойыздардың тізімін мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар.

Айта кетері, Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, жолаушылар пойыздарының өтуін қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының теміржолшылары өңір үшін қалыптан тыс қардан жолды тазарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.

Теміржол төсемін тазарту үшін арнайы қар тазалау және қардан аршу техникалары жұмылдырылған. Жол дистанциясының қызметкерлері техника өте алмайтын жерлерді қардан тазартты.

Өзгелердің жаңалығы