Пойыз вагондарының 61%-ы тозған – министр

Бүгiн, 15:59
126
Бөлісу:
Пойыз вагондарының 61%-ы тозған – министр
Фото: vlast.kz

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев теміржол жылжымалы құрамын және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны шамамен 1,8 мың бірлік барын айтты. Олардың тозу деңгейі – 61%.

Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 185 локомотив сатып алынды. Келесі жылы 187 бірлік сатып алу жоспарланған, ал одан кейінгі үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі деп күтілуде. Бұл локомотивтердің жетіспеушілігін толық жоюға ықпал етеді, - деді Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы