Балалардың церебралды сал ауруы – жүктілік кезеңінде немесе босану барысында мидың зақымдануы, дамымай қалуы салдарынан пайда болатын ауру түрі.
Мидың зақымдануынан қимыл-қозғалыс органдарының жұмысы тежелуі немесе толықтай жойылуы мүмкін. Қазақстанда сал ауруына шалдыққан 26 000 бала бар. Елордадағы «Қасиетті жол» оңалту орталығының директоры Айнур Мырзаханқызы сал ауруына шалдыққан балалардың өмірі, олардың ата-аналарына қалай көмектесу керектігі туралы айтты.