Португалияда жаңа «локдаун» енгізілді

16 Қаңтар 2021, 15:31
1556
Бөлісу:
Португалияда жаңа «локдаун» енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәулік ішінде елде 159 адам қайтыс болған – бұл пандемия басталғаннан бері қайтыс болғандар соны бойынша анти-рекорд болып табылады. 

Үкімет карантин бір айға созылатынын мәлімдеді. Португалия Премьер-министрі Антониу Кошта халықты үйде болуға шақырды және мұны «басты ереже» екендігін атады. Алайда денсаулық сақтау саласының мамандары індеттің таралуы деңгейі Рождествоға дейінгі деңгейге дейін төмендету үшін екі айдай уақыт керектігін айтады.

Ұлыбританияда коронавирустың екі жаңа бразилиялық штаммдарының бірі анықталды. Жұма күнінен бастап Оңтүстік Американың барлық елімен, сондай-ақ Бразилиямен тарихи тығыз байланыс орнатылған Португалиямен әуе қатынастары толық тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Испания коронавирус эпидемиясының үшінші толқынын бастан кешуде, ел ауруханалары төтенше режимде жұмыс істеуде. COVID-19 жаңа жағдайларының тәуліктік саны 39 мыңға жеткен – бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қарқынды терапия бөлімшелеріндегі науқастар саны жыл соңынан бері 39%-ға артқан. Денсаулық сақтау министрлігі отандастарын «жергілікті билік енгізген санитариялық шаралар мен шектеулерді қатаң сақтауға» шақыруда және бұл «індеттің таралуын бақылауда ұстаудың жалғыз тәсілі» деп атап өтті.

Италияда төтенше жағдай режимі үстіміздегі жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. Соңғы мәліметтер бойынша елде 2,3 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырса, 80 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы