Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салынды

2 Мамыр 2021, 18:29
2665
Бөлісу:
Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салынды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салынды. Ол Арока геопаркінде орналасқан, деп хабарлады The Guardian.

Көпірдің ұзындығы - 516 метр. Ол Пайва өзінің үстінде 176 метр биіктікте орналасқан. Аспалы көпірді болаттан жасалған арқан және V-тәрізді биік мұнаралар ұстап тұр. 

Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салынды

Оның таянышы мен төсемі қатты тормен өрілген. Сол себепті астыңғы жаққа қараған адам шатқалдың табиғатын тамашалай алады. Аспалы көпірмен жүріп өту шамамен 10 минутты құрайды. 

Құрылыс жұмыстарын португалдық студия іске асырған. Жалпы құрылыс жұмысы екі жыл бойы жүргізіліп, 2020 жылдың шілдесінде аяқталды. Алайда пандемияға байланысты оның ашылу рәсімі бір жылға шегерілді. Көпірдің жалпы құны 2,3 млн еуро. 

Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салынды

Ертең аталған көпір ашылып, келушілерді қабылдайды. Дегенмен бірқатар жергілікті тұрғын көпірден жүріп өтіп үлгеріпті. Айтуыларынша, көпірге аяқ басқан кезде оларды аздап қорқыныш бойлаған. Сонда да бұл әдеттегіден тыс тәжірибе дейді.

Бұған дейін әлемдегі ең ұзын аспалы көпір Швейцарияда орналасқан еді. Ондағы Чарльз Куонен көпірінің ұзындығы 494 метрге жеткен. 

Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салынды

Өзгелердің жаңалығы