Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесу барысында біз шарттық-құқықтық базаны жаңа келісімдермен толықтыруға, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыруға және өңірлік форматта АҚШ-пен өзара ықпалдастықты нығайтуға назар аударған.
Бұл туралы сыртқы ведомство басшысы келіссөз қорытындысынан кейін баспасөз конференциясында айтты.
Бүгін біздің америкалық әріптестермен прагматизм рухында мемлекеттеріміз арасындағы инвестициялық қатынастарды әртараптандыру мәселесін талқылаудамыз. Құрама Штаттар Қазақстан тарапынан инвестиция, жаңа технология мен білімнің, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі стандарттардың қайнар көзі ретінде қарастырылады. 2019 жылдың соңында экономикалық шикізаттық емес сигментіндегі алдыңғы қатардағы жобалардың бірі америкалық ауыл шаруашылық алыбы Тaison Food-ты ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің сапарынан кейін біздің елге тартуы болды. Бұл жоба бүкіл ауыл шаруашылық және одан тыс салаларға мультипликативтік нәтиже береді. Ақпараттық технологиялар, өнеркәсіптік өндірістің ғылыми қажеттісінен сапалы және басқа да көптеген салалар экономикалық өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін маңызды әлеуетке ие. АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесу барысында біз шарттық-құқықтық базаны жаңа келісімдермен толықтыруға, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыруға және өңірлік форматта АҚШ-пен өзара ықпалдастықты нығайтуға назар аудардық. Жуырда Қазақстан мен АҚШ арасында қол қойылған «Ашық аспан туралы» келісімді атап өту маңызды. Ол біздің мемлекеттеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашудыдан басқа іске қосылған қазақстандық әуе компаниялары мен әуежайлары үшін қауіпсіздік пен ең жоғары стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әріптестермен АҚШ санкциялық саясаты жағдайында Қазақстанның экономикалық өсу мәселелерін талқыладық. Мемлекеттік департамент біздің заңды тұлғаларға қатысты санкциялық әсерін болдырмау мақсатында қазақстандық тарапты қолдауды жалғастырады, - деді сыртқы істер министрі.
Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Орталық Азия елдері үшін C5+1 диалогының маңызына тоқталды. Сонымен қатар ертең Ташкентте аталған диалог аясындағы министрлердің кездесуіне қатысатынын айтты.
Біз халықаралық терроризмге, экстремизмге және радикалды идеологияның таралуына қарсы күрестегі ынтымақтастықты қолдаймыз. Біз Сирия мен Ирактың соғыс аймақтарынан қайтарылатын азаматтарды оңалту және интеграциялау бойынша мемлекеттік департаментпен әріптестігімізді жалғастырамыз. Қазақстан C5+1 диалогы аясында ынтымақтастықтың аймақтық форматын белсенді қолдайды. Ертең Ташкентте С5+1 диалогын министрлер деңгейінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Орталық Азия өңірінің экономикасына инвестициялар мен технологияларды тартуды ынталандырады. Мемлекеттерімізде өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көршілес Ауғанстанға табысты экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл аймағымызбен әріптестікті нығайту үшін таңдалған АҚШ-тың Орталық Азия бойынша стратегиясы басымдылықтарының бірі, - деді ол.
Сонымен қатар, СІМ басшысы Майк Помпео бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Елбасымен кездесу барысында бүгінгі келіссөз барысында қарастырылған және өзге де мәселелерді талқылайтынын атап өтті.
Таратпау және қарусыздандыру саласындағы көпжылдық тиімді ынтымақтастықтан басқа біз халықаралық күн тәртібіндегі мемлекеттеріміздің басым бағыттарын, оның ішінде Елбасының жаһандық, қауіпсіздік, экономикалық даму және өркендеу жолындағы ірі державалардың арасындағы сенімді қалпына келтіру жөніндегі бастаманы талқыладық. Осылайша АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға сапары деңгейлі стратегиялық әріптестік аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға деген талпынысымызды растауға және оны 2020 жылы одан әрі дамыту үшін негізін қалауға мүмкіндік береді. Майк Помпое осы және өзге де мәселелерді президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде талқылайды, - деді Мұхтар Тілеуберді.