Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

30 Маусым 2020, 18:05
1908
Бөлісу:
Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

 

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Почта Польска" компаниясының орталық ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығару рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Пошталық марканы шығару жобасы ұлы қазақ ақынының мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстанның Варшавадағы Елшілігінің бастамасымен "Почта Польска" АҚ жүзеге асырды.

 

Өз сөзінде Қазақстанның Польшадағы елшісі Әлім Қирабаев қазіргі ұрпақты адалдық пен әділеттілік қағидаларын басшылыққа алуға, сондай-ақ өз халқына қызмет етуге және ағартуға ұмтылуға шақырып, шабыттандыратын ұлы жазушының философиялық идеялары мен өлмес әдеби мұрасының өзектілігін атап өтті.

 

"Почта Польска" АҚ төрағасы Томаш Здзикота екі ел арасындағы филателия саласындағы жемісті және ұзақмерзімді ынтымақтастығына тоқталып, ұлы қазақ ағартушысының бейнесі салынған пошталық маркасы филателистер арасында үлкен қызығушылық тудырып, бірлескен сәтті жобалардың дәлелі болатынына сенім білдірді.

 

Іс-шара барысында Польша Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Департамент директоры Я.Хофмокл, Абайдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы мен ауқымын айта отырып, 2001 жылы Қазақстанға жасаған сапардың барысында Рим Папасы Иоанн Павел II-ші дәйексөз жасаған Абайдың "Қара сөздер" әйгілі әдебиет шығармашылығымен тыңдаушыларды танысуға шақырды, - делінген хабарламада. 

 

Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген іс-шара поляк аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

 

Іс-шараға Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілдерімен қатар "Почта Польска" АҚ мен Польша Сыртқы істер министрлігінің басшылығы қатысты.

 

Кездесу соңында елші поляк тарапына поляк тіліндегі Абайдың "Қара сөздер" кітабының бірнеше данасын табыстады.

Өзгелердің жаңалығы