Полковник: Әскери техниканың, қару-жарақтың сапасына бақылау жүргіземіз

27 Маусым 2021, 18:10
2273
Бөлісу:
Полковник: Әскери техниканың, қару-жарақтың сапасына бақылау жүргіземіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 25 кәсіпорын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындайды. Олардың өнімдерінің сапасын Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктері бақылайды. Әскери өкілдіктер орталығы бастығының орынбасары, полковник Руслан Ақтанов қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының міндеттері мен қызметнің нәтижелері туралы әңгімелейді.

-«Әскери өкілдіктер не себепті құрылды? Олардың жұмыстары жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз?

- Қорғаныс министрінің әскери өкілдіктер орталығы 2013 жылы құрылды. Ол орталықтың басты мақсаты – мемлекеттік тапсырыс бойынша өндірістерде әскери техниканың, қару-жарақтың басқа өнімдердің сапасын бақылау жүргізу. Біздің өкілдіктердің негізі тапсырмалары сол өнімдердің сапасын бақылау және оларды қабылдау, жұмсалған шығындардың мақсатқа сай жұмсалуын тексеру. Құрылған сәттен бізде біраз жұмыс атқарылды. Біздің құрамымызда жоғары білімді, тәжірибелі әскери қызметшілер және азаматтық персоналдар қызмет атқарады.

- Әскери мақсаттағы өнімді өндіруде контрафактілік құрамдастарды жеткізуде ақаулар болды ма? Бұндай жағдай да не істейсіздер?

- 2015 жылы броньді техниканы жөндеу кезінде бір өндірісте сондай кемшіліктер анықталды. Алайда сол өндірістің басшылығымен бірлесе отырып оған жол бермеуді қарастырып, жолдарын тауып, алдын алу шараларын қолдандық. Содан ол техника уақытында жөнделіп шықты.

- Бақылау жұмыстары қай уақыттан бастап басталады?

- Келісімшарттар бізге келісімге келгеннен бастап біз оны бақылауға аламыз.

- Әскери өкілдіктер әскери мақсаттағы өнімнің бағасына ықпал ете ме?

- Қазақстан Республикасының өнеркәсібі және мемлекеттік тапсырып туралы Заңға сәйкес әскери өкілдіктер өндірістердегі шығындарды тексереді. Ол жұмсалған қаражаттың барлығын тексереміз, жұмсалған жерін табамыз. Сол тексеру кезінде біздің өкілдіктер 12 млрд-тан астам қаражат үнемделгенін анықтады. Сол қаражат бюждетке қайтарылып, басқа керек салалар бойынша бөлінді.

- Әскер қатарына сапасыз қару-жарақ қойғандары үшін сіздердің өкілдеріңіз қандай жауапкершілікке тартылады?

- Ондай факті болған жоқ. Анықталған кезде тексеріс жүргізіліп, біздің өкіліміз кінәліні анықтаса, тәртіптік, әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Өзгелердің жаңалығы