Полиция қызметкерлері көпбалалы отбасын құттықтады

13 Қыркүйек 2020, 14:19
2081
Бөлісу:
Полиция қызметкерлері көпбалалы отбасын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Панфилов ауданының полицейлері Отбасы күні мерекесімен көпбалалы отбасын құттықтап, сыйлықтарын табыстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбі күні елімізде «Отбасы күні»  мерекесі атап өтіледі. Биыл мереке 13 қыркүйекке дәл келеді. 2013 жылы бекітілген мерекенің негізгі мәні – мүгедек балалар тәрбиеленіп жатқан толық емес, көп балалы отбасылар мен отбасылардың проблемаларын шешуге көңіл бөлу. Мереке қарсаңында Панфилов ауданының тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында қолайлы емес отбасы тізімінде тұрған көпбалалы отбасы үйіне барып, жасөспірім балаларды құттықтады. Балаларға сыйлықтар беріліп, отбасыға қажетті азық-түліктер табысталды.
Қазақта «Отан – отбасынан басталады», деген нақыл бар. Бүгін біз көп балалы отбасыны осы мерекемен құттықтадық. Мерекеге орай отбасыға азық-түліктер, балаларға қажетті құралдар табыс етілді. Есепте тұрған отбасы ретінде жанұядаға жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, – деді Панфилов ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Жамбыл Бакетов.
Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаменті барлық қазақстандықтарды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтап, отбасыларға амандық, береке мен бірлік тіледі.



Өзгелердің жаңалығы