Полиция Шымкентте субұрқаққа батып кеткен балаға қатысты түсініктеме берді

25 Шілде 2023, 16:15
530
Бөлісу:
Полиция Шымкентте субұрқаққа батып кеткен балаға қатысты түсініктеме берді
Фото: polisia.kz

Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа батып, қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайға байланысты полиция түсініктеме беріп, жасөспірімнің бойында ешқандай көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ болғанын мәлімдеді.

24 шілде сағат 19:14 шамасында Қаратау АПБ 102 арнасына Әкімдік ғимаратының алдында кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, субұрқаққа шомылып жүрген 10 жасар бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болғаны анықталды. Жасөспірімнің бойында ешқандай көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Кәмелетке толмаған баланың өлімі жайтын полиция қызметкерлері Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы