Полиция шетелдік автокөліктер бойынша арнайы рейд жүргізбейді

19 Қыркүйек 2022, 12:45
1021
Бөлісу:
Полиция шетелдік автокөліктер бойынша арнайы рейд жүргізбейді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жол ережесін бұзудың кейбір түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту болғанымен, полиция шетелдік автокөліктер бойынша ешқандай арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізбейтінін хабарлағымыз келеді. Сақтандыру немесе автокөлік иелерін қудалау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат таралуда, - деп атап өтті ІІМ өкілі.

Сондай-ақ ол азаматтардан мемлекеттік органдар таратқан ресми ақпаратқа ғана сенуді сұрады. 

Сондықтан сіздерді тек қана мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге шақырамыз! Сонымен қатар барлық автокөлік иелерінен жол қозғалысы ережелері мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Әкімшілік полиция комитеті 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктер заңдастырылуы тиіс екендігін айтқан болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар барлық қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап жатыр. Соған байланысты Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді.  

Өзгелердің жаңалығы