Полиция шахтада табылған ер адамның неден қайтыс болғанын айтты

6 Қараша 2022, 15:50
1127
Бөлісу:
Полиция шахтада  табылған ер адамның неден қайтыс болғанын айтты

Полиция «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасынан табылған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың пайымынша, марқұм жоғары ток кернеуінен көз жұмған. Өлімнің нақты себебі сот-медицина сараптамасынан соң дәлірек белгілі болады.

6 қарашада Шахтинскте «Қазақстан» және Ленин атындағы шахталар арасындағы трансформатор стендінің жанында 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Қазақстан» шахтасының аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті бөлімшесі қызметкерінің денесі табылғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы