Полиция қызметкерлері коллекционердің раритетті заттарын қайтарды

3 Сәуір 2019, 23:00
2033
Бөлісу:
Полиция қызметкерлері коллекционердің раритетті заттарын қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәтер ұрлығы нәтижесінде бағалы кітаптар, ордендер және медальдар жоғалды. Коллекционер құнды заттарын бірнеше миллионға бағалады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне пәтер ұрлығының нәтижесінде Ұлы Отан соғысының ордендері мен медальдері, сонымен қатар құны бірнеше миллион теңгеге бағаланатын раритетті кітаптары ұрланған жергілікті тұрғын шағымданып  келді. Қылмыс орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері ұрлықшылардың жәбірленушінің пәтеріне балконның терезесі арқылы кіргенін анықтады», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жүргізілген жедел-іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, ұрланған заттар мен бағалы кітаптарды тәркіледі.

Полиция қызметкерлері заттық айғақтарды алып, иесіне қайтарды.

Қазіргі кезде осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы