Полиция қызметкері өз ойын сауатты жеткізуі керек – ІІМ

2 Қазан 2023, 11:35
615
Бөлісу:
Полиция қызметкері өз ойын сауатты жеткізуі керек – ІІМ
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы ІІМ брифингінде ІІМ Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ләззат Аманова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі полиция қызметкерінде ойды сауатты ұсыну, интеллектуалды қабілеттер, ойлау мәдениеті, халықпен қарым-қатынас дағдылары және басқаларын қамтитын кәсіби құзыреттердің кең жиынтығы болуы қажет, - деді ол.

Аманованың айтуынша, полицины білікті кадрмен жасақтау үшін барлық оқу бағдарламаларына, яғни бакалавриат, магистратура, докторантура, алғашқы кәсіби даярлық, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жаңа дайындық бағыттары енгізілді.

Қазіргі кезеңде қызметкерлерді оқытудың ерекшелігі 3 бағытта ұйымдастырылған: цифрландыру сияқты кәсіби дағдыларды арттыру, коммуникативтік және психологиялық тренингтер, шешендік өнер негіздері, БАҚ және блогерлермен өзара іс-қимыл әдістері, арандату кезіндегі іс-қимыл алгоритмі икемді дағдыларды арттыру және идеологиялық көзқарасты арттыру, - деді ол.

Оның айтуынша, сабақтарды өткізуге ІІО бөлімшелерінің басшылары, ардагерлер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылады.

Өзгелердің жаңалығы