Полиция Хамитованың өліміне қатысты істі тергеп жатыр

16 Қыркүйек 2019, 16:16
6232
Бөлісу:
Полиция Хамитованың өліміне қатысты істі тергеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Жанар Хамитованың өліміне қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты жазды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде әншінің өлімін растады.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді водомствода.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің бүгін таңертең Қарқаралы өңіріндегі өз ауылында қайтыс болғаны белгілі болды. Жанардың неден қайтыс болғаны белгісіз. Оның дүниеден өткенін Абу-Кай өзінің Instagram парақшасына жазған болатын. 

Жанар Хамитова 2006 жылы Super Star мега жобасына қатысты. Бұдан кейін Жанар «Чайна Таун» музыкалық топтың құрамында өнер көрсетті. Кейін Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" дуэтінің әншісі болды. 2009 жылы ол "Арнау" дуэтінің құрамынан бөлініп кетті.

Өзгелердің жаңалығы