Полиция ескертуі: Жігіттер, сақ болыңдар!

22 Сәуір 2025, 05:49
825
Бөлісу:
Полиция ескертуі: Жігіттер, сақ болыңдар!
Фото: unsplash.com

Алматыда ғаламтор арқылы ер адамдармен танысып, кейін оларды жалдамалы пәтерге апарып тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК-ға сілтеме жасап.

Алаяқтардың әрекет ету схемасы бір – қыздар жігіттермен веб-сайтта танысып кездесуге шақырады. Пәтерге барғанда бойжеткендердің сыбайласы жігіттерге шабуыл жасап, ақшасы мен бағалы заттарын тартып алып отырған.

Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамды қолға түсірді. Департамент өкілдері тұрғындарға желіде танысқан кезде сақ болуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы