Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Полиция ескертеді: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз

Бүгiн, 01:50
187
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдардың сөмкесі мен сәлемдемесін тасымалдаудан бас тартуға үндеді. Полицейлердің айтуынша, мұндай заттардың ішінде заңсыз қару-жарақ, есірткі немесе басқа да тыйым салынған бұйымдар болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайда қылмысқа қатысы бар деген айып тағылуы мүмкін екенін ескертті.

Бейтаныс адамның сөмкесін немесе сәлемдемесін алып жүруге, бір жерге жеткізіп беруге келіспеңіз. Себебі оның ішінде қару-жарақ, есірткі, оқ-дәрі, ұрланған ақша немесе басқа да заңсыз заттар болуы мүмкін. "Мен тек апарып бердім, ішінде не барын білмедім" деу жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай жағдайда қылмысқа қатысы бар деген айып тағылуы мүмкін, – деп жазылған хабарламада.

Полиция өкілдері сонымен бірге күмән тудырған кез келген өтінішке сақ болу керегін айтты.

Қауіп барын сезсеңіз немесе қысым көрсетілсе, дереу "102" нөміріне хабарласу керек.

Өзгелердің жаңалығы