Полиция департаменті былтыр елордада қанша қылмыс жасалғанын айтты

14 Ақпан 2023, 13:02
920
Бөлісу:
Полиция департаменті былтыр елордада қанша қылмыс жасалғанын айтты
Фото: автордан

Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің жеке тұлғалар ісі қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы Ержан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Азаматтардың өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Еліміздің Конституциясында да осылай деп бекітілген. Осыған орай, Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің 1-тарауында үш жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жауаптылық көзделген. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде, адам өлтіру, денсаулығына қасақана зиян келтіру, жыныстық қолсұғушылыққа қарсы қылмыстар қарастырылған. Осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу азаматтардың негізгі құқығы мен мүдделерін қозғайтын кең қоғамдық резонанс тудырады, - деп атап өтті бөлім басшысы полиция бөлімі басқармасында өткен баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, тергеушінің Қылмыстық кодекстің қылмыстық-процессуалдық заңнамасының осы қылмыс түрлерін тергеу тактикасын кеңінен білуімен қатар, күйзеліске төзімділікті талап етеді. 

2022 жылдың мамыр айынан бастап елорда Полиция департаментінің «Құқық» қоғамдық қорының жанындағы «Шанс» кәмелетке толмаған адамдарға әлеуметтік-психологиялық-құқықтық жәрдемдесу орталығының базасын сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыруға кірісті. Осындай қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтарда профилактикалық іс-шараны күшейту мақсатында қылмыстарды болдырмау, оның ішінде 2023 жылдың 1 ақпаны мен 15 наурыз аралығында ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ішкі істер органдарының күшейту мен құралдарын тарта отырып, жедел-профилактикасы жүргізілуде, - деп түсіндірді Полиция департаментінің өкілі. 

Сонымен қатар ол былтыр орын алған қылмыстарға тоқталды. 

2022 жылдың өткен кезеңінде 3100-ден астам тексеру жүргізілген. Соның ішінде қараусыз қалған үйлер мен саяжайлар тексерілді. 8600-ден астам әкімшілік-құқықтық құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде ішімдік тұтыну немесе масаю күйінде болу бойынша 785 құқық бұзушылық жауаптылыққа тартылды. Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша ҚР заңнамасын бұзуда 50-ге жуық факт анықталды. 5668 есеп беретін контингент тексерілді. Полиция департаменті қабылдау бөліміне 125 адам, алкогольдік масаю күйінде 612 адам уақытша бейімдеу және детоксикация сауықтыру пунктіне орналасқан. Соңғы жылдары жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде елорда аумағында оң төмен үрдісі байқалды. Адам өлтіру 29-дан 27-ге түсті. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 131-ден 129-ға төмендеді. Оның ішінде өлімге әкеліп соққан іс-әрекеттері 21-ден 14-ке, зорлау 49-дан 27-ге түсті. 2022 жылы адам өлтірудің 27 фактісі өндіріспен аяқталған. Осы санаттағы барлық қылмыстар ашылды. Кінәлі адамдар анықталды, - деді Ержан Құрақбаев. 

Өзгелердің жаңалығы