Полиция бүкіл ел бойынша күшейтілген режимге көшті

5 Қыркүйек 2024, 00:12
30002
Бөлісу:
Полиция бүкіл ел бойынша күшейтілген режимге көшті
Фото: архив

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйек күні мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды, - деп хабарлады ведомство.

ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді.

Қызметкерлер құқықбұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған. ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы