Полицейлер тұрмыстық қарым-қатынас бойынша сауалнама жүргізеді

24 Наурыз 2023, 16:30
962
Бөлісу:
Полицейлер тұрмыстық қарым-қатынас бойынша сауалнама жүргізеді
Фото: inform.kz

Ертіс өңірінің тәртіп сақшылары «Полиция жұмысының қазақстандық моделі» пилоттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар бойынша туындауы ықтимал қауіп-қатерді бағалау мақсатында сауалнама жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Сауалнама зардап шеккен әйелдер арасында жүргізіледі. Учаскелік полицейлер отбасылық қарым-қатынас бойынша түскен шақыртулар кезіндегі сауалнама барысында «бағалау парағын» толтырады. 

Павлодар қалалық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ инспекторы Әсем Рахимованың айтуынша, материалдардың барлығы бөлімшеде жинақталып, қауіп-қатердің мониторингі жасалады. 

Бірінші кезекте біз зардап шеккен әр азаматқа хабарласып, көмек көрсетеміз. Оның барысында отбасылық жан-жалдың себебін нақтылап, әңгімелесеміз. Алдын алу жұмыстары – негізгі бағытымыз. Тәртіп сақшылары әр отбасыға көмектескісі келеді. Психологтар мен медаиторларды жұмылдырамыз. Мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың да көмегі бар, - дейді Әсем Рахимова. 

Бүгінгі күнге дейін қауіп-қатерді бағалау бойынша 667 материал жасақталған. Сараптама нәтижесінде тәуекел деңгейі анықталды. Стандартты – 518, орташа – 136 және 13 жоғары деңгей белгілі болды. 

Стандартты деңгейге бір адамды екінші адамның бақылауы, балағаттау мінез-құлық жатады. Орташа деңгейге зорлық-зомбылық пен  бақылаудың тұрақты моделі жатады. Құқықбұзушы адам екінші азаматқа зиян келтіруі мүмкін. Осы тектес жағдай тіркелсе, агрессор уақытша оқшауланады. Оған емдеу, сот бойынша көмек көрсетіледі. Жоғары деңгейге тұрақты зорлық-зомбылық жатады. Жәбірленушінің денсаулығына зақым келтірілуі мүмкін. Оларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсетіледі, - дейді мамандар. 

Өкінішке қарай, тексеру шараларынан соң сауалнама қатысқандардың көбі көмектен бас тартып жатады. Осындай жанұялар тұрақты бақылауда болады. 

Өзгелердің жаңалығы