Полицейлер су басқан үйден әкесі мен ұлын алып шыққан

11 Сәуір 2024, 16:05
319
Бөлісу:
Полицейлер су басқан үйден әкесі мен ұлын алып шыққан
Фото: Polisia.kz

Полицейлер патруль кезінде су басқан үйден әкесі мен ұлын, сондай-ақ шынжырға байланып тұрған итті алып шыққан. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция зардап шеккен 43 елді мекенді және 9 мыңнан астам тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді, яғни мекемелерді, дүкендерді ішкі істер органдары қорғауына алды. Біздің қызметкерлер тұрғындардың қауіпсіздігін және олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Квадрокоптерлердің көмегімен де бақыланады. Қажет болса, олар тұрғындарды эвакуациялауға дайын, - деді ол.

Ақтоты Боранованың айтуынша, Ақтөбе облысында су басқан аудандар қоршауға алынған, бірақ полицейлер бұл ауданның тұрғыны жайлы нақты ештеңе білмейді. Сол себепті жоғарыдан да квадроциклдермен бақылау жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда олар фото арқылы ауылдың чаттарынан жедел сұрайды және журналдарға енгізеді. Су тасқыны салдарынан қаңырап қалған елді мекендерде біздің қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Эвакуациядан кейін күн сайын еріген су басқан үйлер мен учаскелерді аралап, патрульдейді. Осындай патрульдеудің нәтижесінде су басқан үйден ер адам мен оның ұлын, сондай-ақ шынжырға байланғандықтан босай алмай қалған итті алып шыққан жағдай болды, - деп айтты полицей штабта өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы