Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер су басқан кенттерде қалған ауыл тұрғындарын құтқаруда, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Түркістан облысының полицейлеріне Фирдауси ауылының маңында су басқан фермада қалған екі ауыл тұрғыны көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлері су астында қалған адамдарды құтқару үшін фермаға қарай бет алады.
Біраз уақыттан соң тәртіп сақшылары көмек сұраған екі жас жігітті іздеп тауып, оларды қауіпсіз аймаққа жеткізіп салады. белгілі боландай олар жоқ малды іздеп шығып, су басқан ауылда адасып кеткен екен.
Жергілікті тұрғындар болса полицейлерге көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері еріктілермен, әскери және ауыл тұрғындарымен бірлесіп тұрғындарды көшіруге, үй жануарларын құтқаруға, су басу салдарынан зардап шеккен Мақтарал ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін және мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге көмек көрсетуді жалғастыруда.