Полицейлер "Қайрат-Каспий" матчындағы келеңсіз жағдайға қатысты түсініктеме берді

15 Наурыз 2023, 14:20
720
Бөлісу:
Полицейлер "Қайрат-Каспий" матчындағы келеңсіз жағдайға қатысты түсініктеме берді
VIDEO
Фото: скриншот

Кеше Алматыда "Қайрат-Каспий" командалары арасындағы матч кезінде пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректері анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ruh Ultras Instagram парақшасында болған оқиғаға қатысты видеолар жарияланып, тәртіп сақшылары жанкүйерлерді стадионнан қүшпен шығара бастағаны жазылған.

Бүгін Алматы қаласында өткен Қайрат-Каспий командалары арасындағы матчта Қайрат-Каспий командалары арасындағы Матчта “Тәртіп сақшылары” және “Арнайы жасақ” тарапынан матч кезінде Жанкүйерлерге Қысым көрсетілді. Бұл жайтта тәртіп сақшылары Жанкүйерлерді Стадионнан қүшпен шығара бастады. Аталмыш оқиғада Жанкүйерлер тарапынан ешқандай қарсы әрекет, құқық бұзушылық орын алған жоқ!, - делінген хабарламада.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД түсініктеме берді.

Алматы қалалық ПД, Орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескендігін хабарлайды. Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілді, - делінген ПД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы