Полицейлер ойнап жүріп жоғалып кеткен баланы тапты

13 Маусым 2023, 02:21
976
Бөлісу:
Полицейлер ойнап жүріп жоғалып кеткен баланы тапты
Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер жоғалған 7 жастағы баланы тапты, бала ата-анасымен аман-есен қауышты, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, 7 жастағы баласынның үй маңында ойнап жүріп, оралмағаны туралы арызданған.

Жоғалған баланы табуға қалалық полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздары және еріктілер жұмылдырылды.

Полицейлер қала ішін көліктерімен аралап, учаскелік полиция инспекторлары көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен тінтіген. Осылайша, жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін аман-есен табылған.

Тәртіп сақшылары баланы ата-анасына табыстады.

Өзгелердің жаңалығы