Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еріктілерге алғыс хаттар табыс етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Полицейлер пандемия кезінде қоғамдық тәртіп пен шектеу шараларын сақтауға белсенді атсалысқан еріктілерге алғыс айтты. Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Бақытжан Малыбаев өз сөзінде еріктілердің еңбегі бүкіл қоғам үшін үлгі екенін атап өтіп, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Гүлмира Шрахметова алғыс білдірді. Ол карантин кезінде көмек көрсеткен және уақытпен санаспай, қоғам игілігі үшін қызмет еткен еріктілер еңбегін ерекше атап өтті.
Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жыл "Еріктілер жылы" болып жарияланды.