Полицейлер емхана қызметкерлерімен терроризмге қарсы дайындық бойынша семинар өткізді

23 Шілде 2022, 19:00
1247
Бөлісу:
Полицейлер емхана қызметкерлерімен терроризмге қарсы дайындық бойынша семинар өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №7 қалалық емхана ШЖҚ МКК қызметкерлерімен семинар өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Семинар тақырыбы «Терроризм актісі нәтижесінде пайда болған техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді жою кезінде, күдікті зат табылған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері». Кездесу барысында төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылатыны туралы айтылды. 

Бұл ұсынымдар адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
 

Өзгелердің жаңалығы