Полицейлер әлеуметтік желіге жаппай тіркелген соң қандай өзгеріс болғаны туралы айтты

13 Қараша 2020, 17:24
2230
Бөлісу:
Полицейлер әлеуметтік желіге жаппай тіркелген соң қандай өзгеріс болғаны туралы айтты

 

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында полиция қызметкерлері Facebook желісіне тіркелісімен қандай өзгерістер болғанын айтты.

Менен бастап орынбасарларым және барлық құрылым басшысы Facebook әлеуметтік желісіне тіркелді. Президенттің өзі халықты тыңдай білетін мемлекет құру бастамасын көтергенін білесіздер, сондықтан полиция қолжетімді болу керек. Оның үстіне бұл әр азаматтың үні тиісті атқарушыларға жету үшін жасалды, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол полиция жұмысына талдау жасалып отыратынын айта келе қызметкерлер әлеуметтік желіге тіркелісімен оның тиімділігі белгілі болғанын жеткізді.

Мәселен, департаментке қандайда бір шара қолданылмағаны жөнінде тұрғындардан орташа есеппен 80-ге жуық қоңырау шалынатын. Учаскелік полиция, құрылым басшылары әлеуметтік желіге тіркелісімен мұндай арыздар саны анағұрлым төмендеді. Сонымен қатар, учаскелік полицияның ПИК қызметкерлерімен ынтымақтастықта жұмыс істеуін міндеттеп отырмыз, яғни олардың уатсап чаттарына қосылып, дер кезінде қызмет көрсетуін талап теудеміз. Бұл шаралар өз тиімділігін көрсетіп отыр, - деді Таймерденов.

Өзгелердің жаңалығы