Жетісу облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған адам жазаға тартылды.
Қаратал ауданында билік өкіліне қатысты өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған Үштөбе қаласының тұрғынына үкім шықты.
Оқиға учаскелік инспектордың «102» пультіне түскен шақырту бойынша барған кезінде орын алған.
Заң талаптарын орындаудың орнына, ер адам агрессия танытып, полиция қызметкерінің бетінен алақанмен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған және погонын зақымдаған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынды. Нәтижесінде, қызметтік міндеттерін атқару үстіндегі қызметкерге шабуыл жасағаны үшін сот кінәліге 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді, - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Пркуратура өкілдері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты кез келген заңсыз әрекеттер қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада полицейлерді балағаттаған тұрғын 3 жылға сотталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанада пышақ кезенген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды
Астанада фельдшерді ұрған ер адам ұсталды
Астанада клиенттерге "күш-қуат" арттыратын қоспа сатқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды