Полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

24 Сәуір 2025, 13:27
1189
Бөлісу:
Полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Фото: Ержан Саденовтің фейсбук парақшасынан

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді. Экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін" - деп жазды Ержан Саденов.

ІІМ басшысының хабарлауынша, Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Нұржан Дунбаев қызметтік міндетін атқару барысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Тағы бір полиция қызметкері, патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаев қазіргі уақытта ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары қаза тапқаны хабарланған еді. Ол да жол апатынан көз жұмды. 

Өзгелердің жаңалығы