Полимер құбырлары: Оларды өндірушілер мен Қазақстан экономикасына әсері

Бүгiн, 16:25
112
Бөлісу:
Полимер құбырлары: Оларды өндірушілер мен Қазақстан экономикасына әсері
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Полимер бұйымдарын өндіру саласы бүгінде өсу динамикасын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полимер материалдарының бірегей қасиеттері мен төмен құны оларды қолданудың кең ауқымы үшін негіз болып табылады. Олар әртүрлі салаларда, күнделікті өмірде, медицинада, құрылыста және т.б. қолданады.

Қазақстанда бастапқы полимерлерді Павлодарда орналасқан «Нефтехим LTD» және Атыраудағы «KPI» өндіреді, мұнда полиэтилен шығаратын зауыт салу да жоспарлануда.

Мысалы, «Нефтехим LTD Компаниясы» ЖШС түйіршіктелген полипропиленнің алты маркасын шығарады. Жобалық қуаттылығы жылына 48 мың тонна құрайды.

«Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС кәсіпорны 2022 жылдың қарашасында іске қосылды, жылдық қуаттылығы 500 мың тонна. Шикізат Теңіз кенішінен өңделеді. Мұнда полипропилен маркаларының ең танымал 4 түрі шығарылады. Жоба өнім желісін 65 маркаға дейін біртіндеп кеңейтуді қарастырады.

Полимерлерден жасалған негізгі дайын өнімдердің бірі құбырлар. Бүгінде полимерлі құбырлар әлемдік нарықта ең қолайлы нұсқаға айналуда. Data Bridge Market Research талдауына сәйкес, жаһандық полимер құбырлар нарығы 2023 жылы 27,08 миллиард АҚШ долларынан 2033 жылға қарай 53,52 миллиард долларға жетеді, бұл жылдық орташа өсу қарқыны 7,13% құрайтын болады.

Құрылыс нарықтың дамуына әсер ететінін айта кеткен жөн. Тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік ғимараттардың құрылысының ұлғаюы берік және сенімді құбыр жүйесін орнатуды талап ететін факторлардың бірі.

Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігінің нәтижесінде сапалы құбырларға деген қажеттілік артып келеді. Әсіресе кәріз және су құбыры желілері. Полимер құбырлары олардың икемділігі, коррозияға төзімділігі және ұзақ қызмет мерзімі арқасында танымал болып келеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға өсіп, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 17,5 млн шаршы метрден асты.

Қазақстанда полимер құбырларын «Индустриальный Синдикат» ЖШС, «Южно-Казахстанский Завод Полиэтиленовых Труб» ЖШС, «КазТермоПласт» ЖШС, «Alash AgroPlast» ЖШС, «KazTrubIndustries» ЖШС, «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС, «СТЗ Арыстан» ЖШС және т.б. өндіреді.

Мәселен, «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС еліміздегі полимер құбырларын шығаратын негізгі кәсіпорындардың бірі. Бұл өндіріс жұмыс істеп тұрған пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыт негізінде құрылған. Ол полиэтилен және полипропилен құбырларын, экструзиодталған қабаттары бар құбырларды, сондай-ақ металлды жабынқыштарды, сыртқы қаптамаларды, пішінделген табақтарды, қосымша элементтерді, жол және қауіпсіздік белгілерін, пластмассадан жасалған халық тұтынатын тауарларды өндіруге маманданған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 50 мың тонна полиэтиленді өңдеу.

Бұл диаметрі 1 600 мм полиэтилен құбырларын шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Зауыт жергілікті және шетелдік тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін бар қорын кеңейтіп, сынақ зертханасымен жабдықталғанын айта кету керек.

Компания қайта пайдалану және қайта өңдеу арқылы қалдықтарды азайтуға, экологиялық таза өндіріске ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін ҚР СТ ISO 14001-2016 экологиялық менеджмент жүйесі мен ҚР СТ ИСО 45001-2019 еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын басқару жүйесіне қолдау көрсетіледі.

Кәсіпорын өндіріс желілерін одан әрі жаңартып, жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы