Полиция қызметкерлері өлімге әкелген қылмыстарды ашты

22 Ақпан 2021, 11:27
2075
Бөлісу:
Полиция қызметкерлері өлімге әкелген қылмыстарды ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Бір апта ішінде 3366 қылмыс жасалды, оның 2184-і тәулік ішінде ашылды.Полиция қызметкерлері ізін суытпай 13 кісі өлтіру, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 45 тонау және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Ораз.

Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясында жаңа факультеттердің ашылуына қатысқанын айтты.

Бұл факультеттерде басшылық құрам және ішкі істер органдарының орта басшы құрамы даярланады. Дәріскерлер пулына ІІМ орталық аппаратының басшылары, ІІО ардагерлері, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді, - деді ол. 

Нұрділда Ораз министрге ғылым, білім және полицияның практикалық қызметін интеграциялауды көздейтін ғылыми-зерттеу институтын құру жобасы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық, стратегиялық даму, идеологиялық және имидждік жұмысты жобалық басқару бөлімдері таныстырылғанын айтты.

Бұл өзгерістердің барлығы ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде жүзеге асырылуда. Ведомстволық білім беруді дамытуға баса назар аудара отырып, біз жаңа форматтағы кадрлар даярлаудың іргетасын қалаймыз. Алматы Академиясы қызметінің басым бағыты заманауи талаптарға жауап беретін жоғары білікті қызметкерлерді даярлау болады, - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Өзгелердің жаңалығы