Полиция карантин режимін бұзушыларды анықтауды жалғастыруда

19 Қараша 2020, 19:46
1000
Бөлісу:
Полиция карантин режимін бұзушыларды анықтауды жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейбір қалалықтар карантин мен шектеу шараларын елемей, Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына қайшы, қала тұрғындарына қауіп төндіретін ойын-сауық мекемелеріне, кафелерге, мейрамханаларға барады.

Сонымен, рейд кезінде полиция мониторинг тобы құрамында 70-ке жуық келушілер демалып жатқан Zoloto мейрамханасын анықтады. Клиенттер әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған.

Иесі мен келушілер тыйым салуды елемей, айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы тәулікте мобильді топ 236 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, карантинді бұзудың бес фактісі анықталды. Нұр-Сұлтан полиция департаменті мекеме иелері мен келушілердің абайсыз әрекеті инфекцияның таралуына әкеліп соқтыратынын ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.


Өзгелердің жаңалығы