Полиция 900 мыңға жуық пәтерді тексерген

20 Қыркүйек 2021, 11:23
4538
Бөлісу:
Полиция 900 мыңға жуық пәтерді тексерген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Нұрділдә Ораз «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатқанын айтты.

Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде халықпен танысу және тіркелген қару-жарақтарды анықтау үшін халықпен кездесу өткізеді. Шараға 13 мыңнан астам қызметкер мен мыңнан астам волонтер, қоғам қайраткері, мемлекеттік орган қызметкері қатысты. Алдын алу іс-шарасының 20 күнінде полиция қызметкерлері 900 мыңға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 55 мыңнан астам саяжай үйлері мен 14 мыңға жуық қыстақты, жалға берілетін 13 мыңға жуық пәтер тексерілді, - деді ол.

Ораз айтқандай, мемлекеттік кірістер органында тіркеуіз тұрған үйді жалға берудің 3 мыңға жуық дерегі анықталды.

Тұрғылықты жері бойынша 33 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Қаруды тіркеу және алып жүру ережелерді бұзудың 500-ге жуық дерегі тіркелді. Операция басталғалы полиция 87 мыңнан астам әккімшілік-құқық бұзушылықтың, 15 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесті, - деді ресми өкіл.


Өзгелердің жаңалығы