Полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

19 Қазан 2021, 20:44
4232
Бөлісу:
Полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады. Апта бойы базарлар, құрылыс нысандары, фермерлік шаруашылықтар мен өзге де нысандар солтүстікқазақстандық полицейлердің ерекше назарында болды.

Облыста “Нелегал — кордон” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның мақсаты тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, облыс аумағына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу.

Тексеріс нәтижесі бойынша 19 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңнаманы бұзғаны үшін басқа мемлекеттердің 44 азаматының болу мерзімі қысқартылды, 22-сі – елден тыс жерге шығарылды. Бұдан бөлек, төрт шетелдік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша жауапқа тартылды.

Барлығы жедел-профилактикалық іс-шара өткен кезеңде шетелдіктердің болу ережелерінің 250 бұзушылығы анықталды, — дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаев. — 191 жағдайда ҚР азаматтары жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Қабылдаушы тұлғаның келетін иммигранттар туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етуін, келу құқығына тиісті құжаттарды ресімдеу бойынша шаралар қабылдауын еске саламыз. Бұдан бөлек, заңнаманы бұзып ҚР келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын жай беруге заң тыйым салады. Барлық қиын сұрақтар бойынша консультация алу үшін көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз.

Сондай-ақ іс-шара барысында үш қылмыскер ұсталды. Оның біреуі адам саудасы бойынша мемлекетаралық іздеуде болған. Ол СҚО Есіл ауданында заңнан жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта іздеудегі қамаққа алынып, іздеу бастамашысына хабарлама жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы