Полицейлер 400 мыңнан астам доза есірткі тәркіледі

13 Шілде 2021, 22:45
3454
Бөлісу:
Полицейлер 400 мыңнан  астам доза есірткі тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында полицейлер 400 мыңнан астам доза есірткі тәркіледі.

«Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады. 

Тінту барысында одан жалпы салмағы 42 келі 500 грамм марихуана есірткі заты табылды, тәркіленген есірткінің салмағы 400 мыңнан астам дозаны құрайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің   296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Өзгелердің жаңалығы