Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

26 Қазан 2021, 16:12
32134
Бөлісу:
Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ Кадр саясаты департаменті басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Гүлшат Базылбекова ішкі істер органдарын кадрмен жасақтау қалай жүргізілетінін және полицей болу үшін қайда оқуға болатыны туралы әңгімелеп берді.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

ІІО кадрмен жасақтау қалай жүзеге асырылады?

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға ішкі істер органдарына қызметке орналасуға қатысты түзетулер енгізілді.

ІІО-ға қызметке алғаш рет қабылданатындар конкурстық іріктеу, бастапқы кәсіптік даярлау арқылы алынады.

Конкурстық негізде іріктеу аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындау кезінде жүзеге асырылады. Тағылымдама бір айдан кем емес уақыт болуы шарт. Тағылымдама аяқталғаннан кейін ғана сынақ мерзіммен лауазымға тағайындалады. Айта кететін жайт, басшы лауазымдарға тағайындалатындар үшін сынақ мерзімі белгіленбейді, - дейді ІІМ Кадр саясаты департаменті басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Гүлшат Базылбекова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бастапқы кәсіптік даярлау арқылы іріктеу кіші және орта басшы құрам лауазымдарына жүргізіледі.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Мұндай қызметке тұрушы кәсіптік даярлық аяқталғаннан кейін бір ай ішінде сынақ мерзімі белгіленбей лауазымға тағайындалады. Бұл шара қызметке қабылдау рәсімі мерзімін қысқарғанын көрсетеді.
Мәселен, бұрын аудандық полиция бөлімінің (орта басшы құрам) учаскелік инспектор лауазымына бастапқы кәсіптік даярлық арқылы іріктеу рәсіміне құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан, полиграфиялық зерттеуден, міндетті арнайы тексеруден өту, іріктеу, ІІМ білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіптік даярлықтан өту, ІІМ білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде тағылымдамадан өту кіреді. Бұл орта есеппен алғанда 5-6 ай болған. Ал қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдау мерзімі үш айға дейін қысқарғанын атап өткім келеді, - деп түсіндірді маман.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Осылайша, қызметке қабылдау мерзімін қысқарту бос лауазымдарды білікті кадрлармен уақытылы жасақтау жөніндегі мәселесін шешуге ықпал етті.

Ішкі істер органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге міндетті.

ІІО-ға қызметке қабылдау рәсімінің мерзімін қысқарту және қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында кандидаттардың құжаттары «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, атап айтқанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы шарт.

Ведомстволық оқу орындарына қабылдау қалай жүргізіледі?

Ведомстволық оқу ІІМ Қарағанды академиясында жүзеге асырылады.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Академияға орта білімі бар, 16 жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша ІІО қызметіне жарамды азаматтар қабылданады.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Бүгінде ІІМ Қарағанды академиясына бакалавриат бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 250 адамды құрайды, оның ішінде «ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеу» мамандандыруы бойынша 200 адам, ал «ІІО-ның Жедел-криминалистикалық қызметі» мамандандыруы бойынша 50 адам білім алып жатыр, - деді ол.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Ведомстволық оқу орнына түсу үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО кадр қызметіне және оқу орындарына өтініш бере алады. Өтінішті оқу орындарының ресми сайттары арқылы электрондық форматта да беруге болады.

Жергілікті ІІО-ның және оқу орындарының кадр қызметкерлері оқуға үміткерлердің ісімен танысып, оларды медициналық куәландыруға, арнайы тексерілуге жібереді.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Сонымен қатар оқуға түсетін үміткерлер алдын ала медициналық куәландырудан өтіп, ҰБТ тапсыруы қажет.

ЖОО-ға қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады: біріншісі – түпкілікті медициналық куәландыру, екіншісі – талапкерлердің дене дайындығын тексеру, ал үшінші кезең – медициналық көрсеткіштер және дене шынықтыру дайындығының нәтижелері бойынша іріктеуді ескере отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша балдарға сәйкес талапкерлерді қабылдау.

Оқуға іріктеу оқу-далалық лагерьлер базасында өтеді.

Полицейлер біліктілігін қалай арттырады?

Полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі №422 бұйрығымен бекітілген ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Жыл сайын бес мыңнан астам қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Ал қызметкерлердің біліктілігін арттыру ІІМ білім беру ұйымдарында, кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдары мен мекемелерінде, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын шет елдердің білім беру ұйымдарында және де ІІМ-нің қызметтерінде өтеді, - деп айтты ІІМ өкілі.
Бүгінде біліктілікті арттыру курстары онлайн және офлайн аралас форматта өтуде, сәйкесінше академиялық сағаттар саны 36 және 72 сағатты құрайды. Осы ретте ІІМ оқу орындарында сабақ өткізу үшін білікті практикалық қызметкерлер пулы құрылған.

Полицей болу үшін не істеу керек немесе ІІО қызметіне кім қабылданады?

Оқу бағдарламалары практикаға бағытталған оқыту тәсілін қамтиды. Жалпы сағат санының 70%-ы практика жүзінде өтіп, тренингтер ұйымдастырылады.

Халықаралық және ведомствоаралық келісімдерді іске асыру шеңберінде ІІО қызметкерлерін шет елдерде оқыту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ІІО қызметкерін шетелде оқытуға іріктеу кезінде тараптың арнайы шарттары бар: оқу басталар сәтінде ІІО қызметкерлерін шетелге оқуға жіберетін бөліністегі қызмет өтілінің кемінде бір жыл жұмыс істеуі және оқыту бағдарламасы тақырыбының ІІО қызметкерінің атқаратын лауазымы, функционалдық міндеттері мен мамандығына, сондай-ақ ол қызмет ететін бөліністің негізгі мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келуі қажет, - деп түсіндірді Гүлшат Базылбекова

Өзгелердің жаңалығы