Польшада коронавирусқа байланысты жалпыұлттық локдаун жарияланады

18 Наурыз 2021, 08:35
1428
Бөлісу:
Польшада коронавирусқа байланысты жалпыұлттық локдаун жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада коронавирусқа байланысты жалпыұлттық локдаун жарияланады. Себебі елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуліктік өсім 25 мыңнан асып кетті. Бұл былтыр қарашадан бері ең үлкен көрсеткіш саналады. Негізі, бұған дейін вирус өршіп тұрған кейбір өңірлерде карантин енгізілген еді. Енді бүкіл ел аумағында локдаун жарияланады.

Сөйтіп 20 наурыздан бастап қонақ үйлер, мәдени және спорттық нысандар жабылады. Сауда орталықтарының жұмысы шектеледі. Оқушылар қашықтан білім алады. Негізі, қазір көрші Украина мен Германиядағы эпидемиологиялық ахуал да күрделі. Сарапшылар бұл елдерде коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтады.

Өзгелердің жаңалығы