Пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне не себеп?

19 Тамыз 2020, 19:26
1923
Бөлісу:
Пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне не себеп?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов аурулар санының өсуіне қатысты түсініктеме берді.

Коронавирус статистикасын беретін ресми сайттың мәліметі бойынша, 18 тамызда коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны 1081-ге бірден өскен. Ал бұдан бір күн бұрынғы көрсеткіш, яғни 17 тамызда пневмония 67 қазақстандықтан анықталған. Осыған қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовке хабарласып білген едік.

17 тамыз дүйсенбіге келіп тұр, мұнда жексенбі күнгі жиналған дерек келтірілген. Дәстүр бойынша, қазақстандықтар сенбі-жексенбі күні ауруханаларға сырқаттанып тұрса да бармайды. Оған қоса емханалар демалыс күндері жабық. Сәйкесінше, халық дәрігерге дүйсенбі немесе сейсенбі ағылады. Нәтижесінде сейсенбі күнгі көрсеткіш артып кетеді. Сондықтан күнбе-күн емес, апта бойынша салыстыру жүргізу қажет, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы