Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 12 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
10 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 65 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.Оған қоса 176 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49694, 652 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44534-ке жетті.