Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 11 наурыздағы ақпаратты жариялады.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 432 адам коронавирус инфекциясынан (13 811 КВИ+ және 4 621 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 570 пациент стационарда, 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 231 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.