Терезе жасауға уәде берген алаяқ жәбірленушінің 280 мың теңгесін алған

25 Қаңтар 2021, 14:37
1703
Бөлісу:
Терезе жасауға уәде берген алаяқ жәбірленушінің 280 мың теңгесін алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтарда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ауылдардың бірінде жедел-іздестіру шараларын өткізді. Шара барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. 

Күдікті өткен жылдың тамыз айында ауылдасына пластикалық терезелер орнатуға уәде берген. Ол жәбірленуші әйелдің сеніміне кіріп, аванстық төлем ретінде 280 мың теңге алып алған, алайда уәдесін орындамаған. Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы